Синоптиктер 26-28 желтоқсан күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 26-28 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты.
Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі қаласында жауын-шашын болады.
Астанада:
26 желтоқсан – бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей кезде 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1+1°C;
27 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, кей кезде қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0-2°С;
28 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, кей кезде қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0-2°С.
Алматыда:
26 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +4+6°C;
27 желтоқсан – бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +5+7°C;
28 желтоқсан – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +5+7°C.
Шымкентте:
26 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашын, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°C, күндіз +6+8°C;
27 желтоқсан – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей кезде екпіні 15-20 м/сболады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +8+10°C;
28 желтоқсан – көшпелі бұлтты, түнде өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript