Яндекс Қазақстанға "көшіп келді"

Яндекс, Цифрлық даму министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 17:56 Сурет: flickr
Яндекс yandex.kz серверлерін Қазақстанға көшіруді аяқтады. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, енді yandex.kz тек ел ішінде орналасқан серверлерде ғана жұмыс істейді.

Бұл қалай жүзеге асты?

Министрлік Яндекстің Қазақстандағы командасы елге қажетті жабдықтарды әкеліп, оны пайдалануға бергенін мәлімдеді. Бұдан кейін жүктемелік тестілеу жүргізілді және оны сәтті аяқтағаннан кейін yandex.kz порталы толығымен жергілікті серверлерге ауыстырылды.

"Яндекс Қазақстан ұлттық ресурстарды нығайту бойынша жоспарлы түрде жұмыс істейді және өзінің қазақстандықтарға арналған сервистерін локализациялауда. Серверлерді ел аумағына көшіру – маңызды қадам. Бұл біздің пайдаланушыларымыздың деректерінің Қазақстанда өңделетінін көрсетеді", – деді министр Бағдат Мусин.

Сондай-ақ Мусин министрлік азаматтарымыздың қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлетінін алға тартты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: