Қостанай облысының 114 елді мекені екі күннен бері жарықсыз отыр
Сурет: pixabay
2023 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Қостанай облысында күн бұзылды. Бүгін, 2023 жылғы 27 желтоқсанда облыс әкімдігі Zakon.kz сайтына өңірдегі жағдай туралы баяндап берді.
Әкімдік облыс тұрғындарына күн райы бұзылатынын ескертті. Қостанай облысының басым бөлігінде екінші күн қатарынан жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ, жел болады деп болжанды.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағында Амангелді, Алтынсарин, Денисов, Әулиекөл, Жітіқара, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Б.Майлин, Ұзынкөл, Қамысты, Қарабалық,Қарасу, Қостанай, Федоров аудандары мен Рудный, Қостанай қалаларының 114 елді мекенінде электр энергиясы жоқ". Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдік бұл елді мекендерде жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қостанай және Рудный қалаларында электр қуаты қалпына келтірілген.
"Ауа райының нашарлауына байланысты (нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін Республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" 683-729 км, "Мамлютка-Қостанай" км 250-180 км автожолдары жабық күйінде қалып отыр".Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ал облыстық маңызы бар автожолдар барлық бағыттарға ашық.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript