Қазақстанда екі республикалық тас жол ішінара жабылды

Ауа райы, жабылған тас жолдар, ҚазАвтоЖол, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 11:11 Сурет: unsplash
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар жолдарға енгізілген шектеулер жөнінде анықтама дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 28 желтоқсанда сағат 9:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) үш облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының төрт учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жамбыл облысы:

27 желтоқсанда сағат 23:10-дан бастап Екатеринбург – Алматы тас жолының учаскесі жабылды (2005 – 2152 км, Қарағанды ​​облысының шекарасынан Бурылбайтал ауылына дейін –147 км).

Шектеу көліктің барлық түріне (Қарағанды ​​облысында ауа райының нашарлауына байланысты) енгізілді.

Жетісу облысы:

28 желтоқсанда сағат 9:00-ден бастап Үшарал – Достық автожолының (84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км) учаскесі жабылды.

Шектеу көліктердің барлық түрлеріне (жаңбыр, температураның төмендеуі) қатысты.

Қарағанды ​​облысы:

27 желтоқсанда сағат 23:00-ден бастап Екатеринбург – Алматы тас жолының учаскесі (1854 – 1993 км, Балқаштан Сарышаған ауылына дейін – 139 км) жабылды.

28 желтоқсанда таңғы сағат 4:20-дан бастап Екатеринбург – Алматы тас жолының (1505 – 1854 км, Жаңа құрылыс кентінен Балқашқа дейін – 349 км) учаскесі жабылды.

Шектеу барлық көлік түрлеріне енгізілді.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: