Президент кішкентай балақайлардың арманын орындады

Астана, Жаңа жыл, Тілектер шыршасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 16:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тілектер шыршасы" акциясы аясында бүлдіршіндерді құттықтап, Жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram арнасының жазуынша, дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында "Тілектер шыршасы" орнатылады. Сол жерге балалар тілегін жазып қалдырады.

"Биыл жоба аясында мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түсті, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды", –  делінген хабарламада.

Бүлдіршіндер хатында велосипед, домбыра, компьютер, жазғы лагерьге жолдама және басқа да заттарды сыйлыққа алуды, тіпті Астанаға келіп, "Ақорда" резиденциясын аралап көруді сұраған.

"Балалардың хаттарына жауап берген президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді. Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды", – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: