Астана мен Семейде бастауыш сынып оқушылары онлайнға көшірілді
Сурет: unsplash
Астана мен Семей қалаларында бірінші ауысымның оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты 23 ақпанда қашықтан оқу форматына көшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz
"Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 2024 жылы 23 ақпанда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ Семейде қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері де қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Бұған дейін Қазақстанда суықтың беті қашан қайтатыны хабарланған. Болжамға сәйкес, Қазақстан бойынша 2024 жылы 23-24 ақпаннан бастап күн біртіндеп жылына бастайды. Арктикалық антициклонның алмасқанын шығыс өңір ең соңғысы болып сезінеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript