Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бірлесіп, Маңғыстауда әскери жаттығу өткізеді
Сурет: Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі
2024 жылдың 4 сәуірінде Ақтауда шетелдік өкілдердің қатысуымен Қазақстанда жазға жоспарланған "Бірлестік-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының жайы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің қорғаныс министрліктері арасында қол қойылған бірлескен жоспарға сәйкес, Ақтау қаласында (Қазақстан) "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу бойынша жоспарлы конференция өтті", делінген хабарламада.
Конференцияда оқу-жаттығуларға дайындық пен алдағы міндеттерге байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Құзырлы ведомство мәліметінше, әскери оқу-жаттығулар 2024 жылдың шілде айына жоспарланған. Жаттығулар "Оймаш" оқу полигонында, сондай-ақ Каспий теңізінің акваториясында орналасқан Тоқмақ мүйісінде өтеді. Оның барысында "Қарулы қақтығыстар аймағын айқындау бағытындағы оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау" бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
2024 жылдың наурыз айында ҚР Қарулы күштері Қарағанды облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript