Бишімбаевтың адвокаты істі басқа судьяның қарауын талап етті
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 2024 жылғы 11 сәуірде әйелін өлтірді деп айыпталған ҚР бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тоғызыншы сот отырысында адвокат Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаевадан бас тартуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокаттың айтуынша, куәгердің сотқа шын мәнінде келе алмайтыны анықталған жағдайда ғана оның айғақтары оқылады.
"Менің түсінуімше, прокурор өзін шектеп, олардың айғақтарын оқуға келіскенін айтқандықтан, біз олардан сотта жауап алған жоқпыз.Осыған орай, сотта жауап алынбаған куәгерлердің айғақтарын оқымауларыңызды сұраймын. Олардан жауап алуға мүмкіндігіміз болмады", - деді Ерлан Ғазымжанов.
Сот қорғаушының қарсылықтарын қабылдамады.
"Өйткені қорғаушы тарап процеске қатысушылардың барлығын жаңылыстыруда", - деп түсіндірді судья Айжан Құлбаева.
Келесі кезекте Ерлан Ғазымжанов судьяға қарсы шықты.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 650-бабына сәйкес, алқабилердің қатысуынсыз қаралатын және олардың құзыретіне жатпайтын заң мәселелері бар.Сот отырысы онлайн режимде көрсетіліп жатқанын ескерсек, телеарналардан көрсетіліп жатыр...", - деді судья Айжан Құлбаева.
Алқабилер сот залынан шығарылып, эфир сағат 10:10-да үзілді.
10 сәуірде судья Айжан Құлбаева сотты құрметтемегені үшін БАҚ өкілдерін сот залынан шығару туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript