Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы Отан қорғаушылар күнін тойлауға дайын

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 32 жыл толды. Отан қорғаушы күні қарсаңында Алматының барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, оқырмандар мен эсселер байқаулары және т.б. өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 09:01 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда аудандар бойынша Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 32 жыл толды. Отан қорғаушы күні қарсаңында Алматының барлық мектебінде "Ерлік сабақтары", сынып сағаттары, оқырмандар мен эсселер байқаулары және т.б. өтеді.

Мерекелік іс-шаралар қала аудандарында өтеді:

Әуезов ауданында 3 мамыр күні сағат 10:00-де Б.Момышұлы атындағы Алматыдағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектептің базасында "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" мерекелік іс-шарасы өтіп, театрландырылған қойылым көрсетіледі.

Түрксіб ауданында 6 мамыр күні сағат 15:00-де ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында көркемөнер ұжымдары мен әскери бөлімдердің қатысуымен концерт өтеді.

Наурызбай ауданында 6 мамыр күні Ақжар шағын ауданында Дәулеткерей көшесі 178, 2027 әскери бөлімінің аумағында сағат 10:00-де әскери қызметшілерді марапаттау және сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтеді.

Бостандық ауданында 7 мамыр күні сағат 09:00-де Попов 1а мекенжайында "Ел ертені-бүгінгі жастары" атты салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында әскери қызметшілерді марапатталып, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады.

Алмалы ауданында 6 мамырда сағат 11:00-де №120 гимназияда "Жас сарбаз" (9-11 сыныптар арасында) әскери-спорттық ойындарының жарысы өтеді. 6 мамырда сағат 13:00-де №55 ЖББМ-де (7-9 сыныптар арасында) Сап және ән байқауы болады.

Жетісу ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Райымбек даңғылы, 235 (Орталық зират) мекенжайындағы "Белгісіз сарбаздың қабірі" ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

Алатау ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де аудан әкімдігі ғимаратының алдында "Ер есімі – Ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: