Жолдау-2024: Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 12:19 Сурет: freepik
Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс деп айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, "Электронды үкімет" платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет.

"Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын",- деді президент.

Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады.

"Цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастырған жөн. Елімізде экономикаға қажетті электр қуатын өз керегіне шамадан тыс пайдаланатын, сөйте тұра салықты аз төлейтін кәсіпкерлер бар. Міне, осындайларды жөнге салу керек." Президент

2025 жылы Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы аяқталмақ. Еліміз үшін бұл жобаның маңызы зор. Сол арқылы мәліметтердің халықаралық арнасымен және трансшекаралық ағынымен байланысты цифрлық инфрақұрылым құра аламыз.

"Жалпы, телекоммуникация желілері мен дата-орталықтарын барынша жетілдіруге, кибер-қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын енгізуге және мамандарымыздың біліктілігін арттыруға қатысты жұмысты жалғастыру керек". Мемлекет басшысы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: