Елімізде никаб киюге тыйым салынуы мүмкін бе – Бас мүфтидің жауабы
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Үкіметтің дәлізінде "елімізде никаб киюге тыйым салынуы мүмкін бе" деген журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпарат және мәдениет министрлігі Қазақстанда никаб киюге тыйым салатын заң жобасы қарастырылып жатқанын айтқан еді. Осы орайда журналистер ҚМДБ-дан осы мәселеге қатысты пікірін сұрады.
"Қазақстан ҚМДБ, негізінен, дін негіздерін насихаттайды. Біз никабтың бетті жабатын киім екенін түсінуіміз керек. Шариғатта мұндай киімді кию туралы жазылмаған", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Оның айтуынша, ҚМДБ заң шығарушы орган емес, тек халыққа дін нормаларын түсіндіреді. Сондай-ақ ол әрбір кәмелетке толған қыз орамал тағуға міндетті екенін баса атап өтті.
"Әрбір намаз оқитын қыздың құқығы бар. Егер ол орамал таққысы келсе, біз оның құқығын құрметтеуіміз керек. Егер мектеп оқушысы кәмелетке толса, онда ол орамал тағады. Бірақ мектеп қабырғасында өзіндік талаптар бар. Білім алу да әрбір адамның міндеті. Балалардың сауатсыз болмауы керек, мұны пайғамбарымыз да айтып кеткен", – дейді Бас мүфти.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript