СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арналған баспаналар 100% салынып бітті

Баспана, СҚО, су тасқынынан зардап шеккендер, Қанат Бозымбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:58 Сурет: primeminister.kz
15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынды жаңа және жөндеуден өткен тұрғын үйлерге көшіру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстанда барлығы 1394 үй сатып алынып, 1899 үй күрделі жөндеуден өтті. Петропавлда 700 үй салынып, жаңа "Бірлік" шағын ауданын құрады. Бүгінде мұнда тағы 173 үйдің құрылысы аяқталды. Баспана кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Тұрғындарға төзімділік танытқаны үшін және аймақты қалпына келтіруге атсалысқан барлық бизнес өкілдеріне, атап айтсақ, "Қазақстан халқына" қорының  басқарма төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішев, "Kazakhmys" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович Огай, "Kaspi" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Константинович Ким, "KAZ Minerals Management" директорлар кеңесінің төрағасы Олег Николаевич Новачукке алғыс айтқым келеді. Сіздерсіз біз мұндай ауқымды құрылысты 3,5 айда бітіре алмас едік", — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Салтанатты шара, СҚО, Қанат Бозымбаев, су тасқыны, жаңа баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:58

Сурет: primeminister.kz

Бүгінде жаңа "Бірлік" шағын ауданында "Kaspi" компаниясы балабақша құрылысына демеушілік етуде, 600 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Жақында ықшам ауданға асфальт жол төселіп, автобус қатынайтын болады.

Салтанатты шара, СҚО, Қанат Бозымбаев, су тасқыны, жаңа баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:58

Сурет: primeminister.kz

"Бүгін мен көптен күткен үйдің кілтін алғаныма өте қуаныштымын. Бәріміз үшін бұл табиғи апат өте қиын тиді. Алайда, біз төзімділік таныттық. Осы орайда, елімізге, Мемлекет басшысына, әкімдікке және құрылысшыларға, күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп, үйлерімізді тез арада тұрғызуға атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Мен Ойқалада тұрдым, енді жаңа үйде өмірді тың серпінмен жалғастырамыз, бұйырса мал мен бақшам болады", — деді Алима Жаманкөзова.

"Мен күллі Қазақстан халқына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шексіз алғысымды білдіремін. Бұған дейін Заречный кентінде үлкен отбасыммен 70 шаршы метрлік үйде тұрғанбыз. Енді жаңа ауданда кең әрі жарық үйіміз бар. Бүгін бәріміз өте қуаныштымыз", — дейді "Бірлік" шағын ауданының тұрғыны Дәурен Хамзин.

Қанат Бозымбаев, СҚО, жаңа баспана, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:58

Сурет: primeminister.kz

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары жаңа және жөндеуден өткен үйлеріне толығымен қоныстанды.

Жаңа аула, СҚО, су тасқыны, жаңа баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:58

Сурет: primeminister.kz


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: