Қорғаныс министрлігі еліміздің екі өңірінің тұрғындарына ескерту жасады

Қорғаныс министрлігі, ескерту, Алматы облысы, Жетісу облысы, оқу-жаттығу, ҰҚШҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 21:55 Сурет: gov.kz
2024 жылы 18 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты. Елімізде "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілгелі жатқаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство ескертуіне сәйкес:

"2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024"  командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады".

Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сену сұралады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: