ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті: Қазақстанның бірнеше облысында 50 адам ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 12:24 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекет басшысының қылмыс пен деструктивті әрекетке қарсы күресте қатаң шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

"Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде." ҰҚК баспасөз қызметі

Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктелуде.

20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд. теңгеден аса мүлік тонаған.

Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.

Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: