Талдықорғанда балабақша қызметкері баланың басынан ұрды

Талдықорғанда балабақша қызметкері баланың басынан ұрды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2024 10:08 Сурет: instagram/taldykorganec.insta
Талдықорғанда балабақшалардың бірінде қызметкер баланың басынан ұрған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, қазір оның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрда әйелдің үстел басында отырған балаларға жақындағанын, сосын олардың бірінің басынан ұрғанын көруге болады. Бұл шамамен 2024 жылғы 26 ​​қыркүйекте таңғы уақытта болған.


"Бұл факт Талдықорған полиция басқармасына бағытталды. Оқиға облыс прокуратурасының бақылауында", - деп хабарлады Жетісу облысының қадағалау ведомствосы.

Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: