Өзбекстанда 600 қазақстандық референдумда дауыс береді
Фото: Zakon.kz
6 қазан күні Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі жанында нөмірі 399-шы референдум учаскесі жұмысын бастайды.
Қазір онда белсенді дайындық жүріп жатыр. Екі дауыс беру кабинасы мен жәшіктер қойылған.
Учаскелік комиссия төрағасының айтуынша, референдум күні Ташкенттегі жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан студенттері, уақытша жұмыс істейтін және тұратын отандастар, сондай-ақ, туристік мақсатпен жүрген азаматтар Қазақстан елшілігі ғимаратына барып, таңдау жасай алады, деп жазады 24.kz арнасы.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталып, 20:00-де аяқталады.
"Бізде 600 адам тіркелген. Соларды күтіп отырмыз. Бізде елшіліктер арасында ең үлкен сайлау учаскесі. Қазіргі уақытта Өзбекстан санаториясында 200 қазақстандық ем алып жатыр. Соларға көшпелі жәшікпен барып, дауыстар аламыз." Жасұлан Ысқақов, №399 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript