Атырауда заңсыз балық аулаудың үш дерегі тіркелді

Атырауда заңсыз балық аулаудың үш дерегі тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 18:22 Сурет: polisia.kz
Атырауда заңсыз балық аулаудың үш дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысында Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы, 1-бөлігі, яғни балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылығы бойынша үш тұлғаға әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар полицейлер Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, далалық айналма жолдарда бекіре және басқа да балық түрлерін, аңшылық шаруашылығы алқаптарына, жайылымдарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың аңшылық атыс қаруы мен суық қаруды сақтауы, алып жүруі бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: