Қарағандылық шаруалар 1 млн тонна қойдың жүнін қоқысқа тастауға мәжбүр

Қарағандылық шаруалар 1 млн тонна қойдың жүнін қоқысқа тастауға мәжбүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 09:32 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында 1 миллион тонна қойдың жүні кәдеге аспай құр босқа жатыр. Өнімді өткізе алмаған шаруалар оны өртеп жіберуге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Отарбаев 25 жыл бойы асылтұқымды қой өсіріп келеді. Бүгінде биязы жүнді қой 10 мыңға жуықтаған. Биязы жүн–кілем, тоқыма өнеркәсібіне таптырмас шикізат. Бірақ, сұраныс атымен жоқ. Тіпті алыпсатарлар да биыл төбе көрсетпеген.

"Қойдың негізгі өнімдерінің бірі жүн. Сол жүнге қазір сұраныс жоқ. Мына артымызда тұрған жабағы жүн көктемгі қырқымдікі. Осы күнге дейін сұраушысы да алушысы жоқ. Іздеп те жатырмыз. Бұл – өте сапалы жүн." Қанат Отарбаев, шаруа қожалығының басшысы

Қазір жүн ешқайда өтпейді. Жеңіл өнеркәсіп ақсап тұрғандықтан шикізат босқа рәсуа болып жатыр. Оны құрғақ қоймада сақтамаса ылғал тартып, кейін сапасын жоғалтады. Амалы қалмаған жұрт тонналаған жүнді жағып жібереді немесе қоқыс полигонына төгеді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қойы бар фермерлер бар. Жалғыз жеке меншік секторлар ғана емес. Жүн қабылданбайды. Барлығын қоқысқа апарып тастаймыз." Қабдолла Нөкербек, ауыл тұрғыны

Жергілікті билік жүнді өткізу, өңдеу ісін дамыту үшін инвестиция тартуға тырысып жатырмыз дейді. Әзірге нәтиже жоқ.

Мүмкін арзандатылған несие берерміз, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы немесе басқа да қажеттілік, инженерлік-инфрақұрылым қажет болса, оның барлығына біз көмектесуге дайынбыз. Бауыржан Асанов, Облыс әкімінің Ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары

Былтыр облыста 1 миллион тоннадан астам жүн өндірілген. Бұл жылдағыдан 2 пайызға көп. Бірақ, өнім көбейгенімен оны өңдейтін, өңірде қала берді көрші облыстарда бірде — бір өнеркәсіп жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: