Атырауда бірнеше құрылыс салушылар қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 16:18 Фото: pexels
"Андора Констракшн" ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан.

23.10.2024 жылы Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ, "Nazik Group" ЖШС-нің директоры мен "Атамекен Тұрғын Үй", "Family Town" және "Baisanat Residence" тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Бұл ретте, прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақтылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстайды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: