Жамбылдықтарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 91 пайызға жетті

Көгілдір отын, газ, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 18:01 Сурет: pxhere
Жамбыл облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірдегі жалпы халық саны 1 млн 200 мыңнан асатын 371 елдімекеннің 285-і (1,113 млн тұрғын) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

"Бүгінгі таңда облысымыздағы 10 ауданның тоғызы газдандырылса, Мойынқұм ауданы газдандырылмаған күйінде қалып отыр", – деген Қанат Апрелұлы облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 91,1 пайызға жеткенін сөз етті.

Былтыр облыс бойынша 7 елдімекен, биыл жоспарланған 14 елдімекеннің алтауы газдандырылыпты. Тауарлық газды тұтынушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Осыдан бір-екі ай бұрын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке абоненттер саны 228 121-ден 235 729-ға, өнеркәсіптік және коммуналдықтұрмыстық кәсіпорындар саны 6 820-дан 7 170-ке артқан екен.

Биыл жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқару шарттары бойынша газ құбырларын қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліпті. Осы жылы жасалған сенімгерлік басқару шарты негізінде ұзындығы 810 шақырым болатын 23 нысанның газ тарату құбырларын пайдалануға беру жоспары бекітіліпті. Нәтижесінде осы газ құбырларын пайдалану бойынша шығыстар 1 қыркүйектен бастап газ тасымалдау тарифіне қосылған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің бұйрығымен 2024-2025 жылдарға арналған газ тарату жүйелері бойынша тауарлық газды тасымалдау кызметтеріне тарифтің шекті деңгейі 7 871,40 теңгеге 1 000 текше метр мөлшерінде бекітіліпті.

"Бүгінгі таңда филиал қызметкерлерінің штаттық саны – 417. "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамынан "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына тарату газ құбырлары мен құрылыстарына техникалық кызмет көрсету және пайдалану жөніндегі кызметті кайта беру, трансформациялау шеңберінде биыл 16 сәуірден бастап 322 қызметкер еңбекақы төлеу шарттарымен ауыстырылды. Осы жылдың 8 айында тауарлық газды тасымалдау бойынша көлем 486 миллион текше метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 24 миллион текше метрге асыра орындалды", – дейді Қанат Ордабаев.

Оның айтуынша, сату бойынша көлем 1 253 миллион текше метр болса, жоспарға сәйкес орындалуы – 99 пайыз.

"Филиалдың даму жоспарлары турасында да айта кетсем, қызметтердің сапасын, сенімділігін, тиімділігін ескере отырып, газды тасымалдау және өткізу бойынша қызметтер көрсету – басты міндеттің бірі. Сол сияқты кәсіпорын бекітілген инвестициялық бағдарламаларды іске асырып, тұрмыстық газды кауіпсіз қолдану қажеттілігі туралы тұтынушылармен жұмысты жалғастыруда", - дейді ол.

"QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ өндірістік филиалының бекітілген инвестициялық бағдарламасында 2024 жылға жалпы сомасы 37,254 миллион теңгеге жұмыстар атқару көзделген. Оның ішінде 34,350 миллион теңгеге 34 шкафты реттеу пунктін ауыстыру, 2,904 миллион теңге қаражатқа газ реттеу пункттеріндегі 7 реттегішті ауыстыру жоспарланған. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – тұтынушыларға газдың апатсыз және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқандықтан тозығы жеткен жабдықтардың салдарынан болатын апаттық жағдайлар санын азайтуға күш салынуда.

Жабдықтың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты инвестициялық бағдарламаны толық көлемде орындау мақсатында филиал шкафты реттегіш пунктті ауыстыру жөніндегі жұмыстардың сметалық құнын қайта карастырыпты. Осылайша ШРП-ны орнатуға байланысты қосымша материалдар мен жұмыстар азайған көрінеді. Үнемделген қаражат газ реттегіш пункттердегі реттегіштерді ауыстыру жұмыстарына қосылған екен.

Нақты инвестициялық бағдарлама 37,793 миллион теңгеге орындалған. Тарқатып айтқанда, 34 шкафты реттеу пунктін 28,629 миллион теңгеге, газ реттеу пункттеріндегі 6 реттегішті 9,164 миллион теңгеге алмастырған.

"QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамның облыстық филиалының басшысы Қанат Ордабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта өндірістік филиалдың теңгерімінде 7 163 шақырым газ құбыры пайдаланылуда.

"Осы газ құбырларының 1 421 шақырымы жоғары, 2 154 шақырымы орташа, 3 588 шақырымы төмен қысымды болып келеді. Сондай-ақ 220 газ реттеу пункті, 1 456 шкафты реттегіш пункт, 23 061 жеке шкафті пункт бар. Тараз қаласы бойынша көгілдір отынның қызығын көріп отырған баспаналар саны – 235 729. Оның 73 848-і пәтер болса, 161 881 жеке тұрғын үй. Өндірістік кәсіпорындар саны – 442, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар саны – 6 728", - дейді ол.

Бір айта кетерлігі, 7 163 шақырым газ құбырларының 4 632-і "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының меншігінде болса, 1 920 шақырымы сенімгерлік басқаруда.

"121 шақырым газ құбыры мемлекет қаражаты есебінен, 490 шақырым газ құбыры жергілікті халық қаражаты есебінен салынды. Бүгінде 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары 100 пайызға аяқталып, дайындық паспорты әзірленді. Атап айтқанда, 209 газ тарату пунктіне, 1 439 шкафтык газ реттеу пунктіне, 84 жерасты газ құбырларын электрохимиялық қорғаудың катодтық стансасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аспаптық әдіспен 2 313 шақырым жерасты полиэтилен газ құбыры, сондай-ақ тығыздығы бойынша (герметикалығына) 105 шақырым болатын жерасты газ құбыры зерттелді", - дейді Қанат Ордабаев.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: