Сеулде соңғы 100 жылдағы ең қалың қар жауды

Сеулде қалың қар жауды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 10:15 Сурет: Х/koryodynasty
Оңтүстік Корея астанасында 2024 жылдың 27 қарашасында рекордтық қар жауды. Сеулде 16,5 сантиметр қар жауып, 1972 жылғы 12,4 сантиметр болатын бұрынғы рекордты жаңартты. Толассыз жауған қар көлік қозғалысын бөгеп, электр қуаты үзіліп, жүздеген рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Korea JoongAng Daily басылымында атап өтілгендей, бұл қар 1907 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бақылаулар тарихындағы ең ауыр болып шықты.

Президент Юн Сок Ёл қардың салдарымен күресу үшін барлық ресурстарды қосуды бұйырды.

Өкінішке орай, қолайсыз ауа-райы үш адамның өмірін қиды.

Бес көлік соқтығысып, 81 жастағы жолаушы қайтыс болды. 78 жастағы ер адам да төбесіндегі қарды тазалап жатқан гараж құлап, қайтыс болды. Жол қозғалысын басқарған 30-дар шамасындағы жол операторы қызметкерін қар басқан жолда сырғанап кеткен автобус қағып кетті. Кейін ол ауруханада қайтыс болды.

Қазақстандықтар да тұрақсыз ауа райына дайындалуы керек. Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 28, 29 және 30 қарашасына болжам берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: