Атырау облысында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырау облысында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 17:32 Сурет: polisia.kz
Атырау облысында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандар мен сатқандарға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысында 292 автокөлік, ет өнімдерін сататын 86 сауда нүктесі және 267 шаруа қожалығы тексерілді. Қыстақтар мен шалғайдағы учаскелерде жүргізілген рейдтерде қару сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерін бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың 23 фактісі және заңсыз сатудың 8 оқиғасы анықталып, 31 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының қадағалаусыз жайылуының 194 фактісі тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталып, оларға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде бұрын жасалған екі ұрлық пен өткен жылдардағы үш қылмыс ашылып, 19 бас мал заңды иелеріне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: