Атырауда жаңажылдық шыршаны безендіруге шамамен 67 млн теңге жұмсау жоспарланған
Сурет: pixabay
2024 жылы Атыраудың бес орталық алаңы мен көшелерінде орнатылатын 18 метрлік шыршаларды монтаждау-бөлшектеуге, безендіруге 66,9 млн теңге сомасына ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық бес орында театрландырылған бағдарлама аясында шырша шамын жағу рәсімі өткізілмек. Бұл салтанатты рәсім 17 желтоқсанға жоспарланған.
"Ағымдағы жылы қаланың бес орталық алаңы мен көшелерінде орнатылатын биіктігі 18 метрлік шыршаларды монтаждау, демонтаждау және безендіру жұмыстарына 66 964 285,7 теңге (ҚҚС-сыз) сомасына ашық конкурс жарияланды. Тапсырыс беруші – "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" ШЖҚ КМК Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қарамағында" делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, 2023 жылы Атырауда жаңа жылдық безендіруге қала әкімдігі 19 млн теңге бөлген еді.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript