БҚО-да "Таза аула автобусы" жобасы жалғасуда

Орал қаласында мамыр айында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза аула автобусы" атты экологиялық науқан басталған еді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 15:27 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Орал қаласында мамыр айында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза аула автобусы" атты экологиялық науқан басталған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін "Таза аула автобусы" еріктілер мен құрал-жабыдығын тиеп, Оразбаева 2 а мекен-жайына келді.

"Биыл көктемде Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталғаны баршаға мәлім. Қоғамдық, экологиялық мәдениетті дамыту бағытында Орал қаласында біраз жұмыс атқарылуда. Орал қалалық жастар ресурсының ұжымы да осы акцияға үлес қосқымыз келіп, "Таза аула автобусы" жобасын бастадық. Негізгі мақсатымыз – туған өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті сөзбен емес ісіпен дәлелдеу. Әсіресе, көпқабатты үйде тұратын тұрғындарды өз ауласын таза ұстауға ынталандыру. Біздің жобамыз Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен жүзеге асуда. Өз арамызда "Оралдың тазалығы, болсыншы ғажап үлгі" деген ұранымыз бар. Сол бойынша еріктілердің басын қосып, тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы берген өтініштерін жерге қалдырмауға тырысамыз", – дейді Орал қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дулат Жүсіпқалиев.
Орал қаласында мамыр айында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза аула автобусы" атты экологиялық науқан басталған еді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 15:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталмыш акцияға Оразбаева 2 көшесінің тұрғындары да еріктілермен бірге шығып, шөп тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс аяқталған соң үй тұрғындары еріктілерге алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 175 мыңнан астам тұрғын және 4 мың мекеме мен кәсіпорын қатысты.

Орал қаласында мамыр айында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза аула автобусы" атты экологиялық науқан басталған еді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 15:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Акция аясында 80 мыңнан астам аула, оның ішінде 2610 көпқабатты үйдің аумағы және 77 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің аумағы жиналған. Сондай-ақ, 247 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 60 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылса, 7 мыңнан астам тротуар плиталары жөнделген.

Орал қаласында мамыр айында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза аула автобусы" атты экологиялық науқан басталған еді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 15:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

1273 әлеуметтік нысанның аумағы мен 1280 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылған. Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 1810 бірлік техника жұмылдырылып, 72160 тонна қоқыс шығарылған.

Орал қаласында мамыр айында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза аула автобусы" атты экологиялық науқан басталған еді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 15:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азайған жоқ. Ұйымдастырылған игі бастамаға үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар белсене қатысуда" — деп атап өтті БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Бектұрсынов Аманат.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: