Атырауда бір күнде 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: Zakon.kz
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік жүргізушілерінің қысқы маусымға дайындығын тексеру мақсатында 2-4 желтоқсан аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз дөңгелек" атты рейдтік акция өтуде.
Бұл шара жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алуға бағытталған.
Акцияның алғашқы күнінде-ақ 712 құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, 26 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Нақтырақ айтқанда:
- 61 жүргізуші техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сай келмейтін немесе пайдалануына тыйым салынған ақаулы көліктерді басқарған;
- 485 дерек жылдамдықты асыруға байланысты тіркелді;
- 24 жүргізуші қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдаланбаған;
- 11 адам көлікті жүргізу құқығы жоқ болса да басқарған;
- 39 жаяу жүргінші және басқа жол қозғалысына қатысушылар жол ережесін бұзған.
Бұл акция көлік құралдарын пайдаланудағы жауапкершілікті арттырып, жол қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуға үлес қосуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript