Павлодарда үш кәмелетке толмаған есірткі таратушы ұсталған
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда үш кәмелетке толмаған есірткі таратушы ұсталған. Сондай-ақ қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма бөлімінің бастығы Ирина Темірғалиеваның мәліметінше, бес адамнан тұратын қылмыстық топ облыс орталығында ұсталды.
Кейін белгілі болғандай, олар Павлодарға басқа қаладан келіп, мұнда жеке тұрғын-үй жалдап, интернет арқылы есірткі сата бастаған.
Қылмыскерлерден тыйым салынған заттары бар үш мыңнан астам капсула тәркіленді. Қазір таңда тергеу жүріп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript