Кубада миллиондаған адам жарықсыз қалды
Фото: unsplash
Кубаның ұлттық электр жүйесі істен шығып, миллиондаған адам жарықсыз қалды.
Қазір энергетикалық нысандар жөнделіп жатыр. Алайда халықтың алтыдан бір бөлігіне ғана қуат қайта берілген.
Қиын жағдайға байланысты мектептер жабылып, аса маңызды емес мемлекеттік мекемелер қызметін уақытша тоқтатты, деп жазады qazaqstan.tv.
Дегенмен, госпитальдар мен су станциялары энергиямен үнемі қамтамасыз етілмек.
Сарапшылардың ойынша, Кубаның мұндай дағдарысқа ұшырауына отын тапшылығы, табиғи апаттар және экономикалық дағдарыс себеп.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript