Интимдік қызмет көрсету және есірткі тарату: Оралда 36 жастағы әйел мен екі шетелдік ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 10:44 Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі қоғамда "заң мен тәртіпті" қамтамасыз ету аясында Оралда есірткі сатушылардың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 9 желтоқсанда ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан айтты.

"Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды. Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды".

Оның айтуынша, жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде".Данияр Мейірхан

Бұған дейін Қостанайда мекеме басшысының мемлекеттің 11 млн теңге қаражатын қолды қылғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: