Ақтөбеде зейнеткердің 4 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды
Фото: Zakon.kz
Күдікті әлеуметтік қызмет қызметкерінің атын жамылып, 72 жастағы зейнеткерге жаңа ақша айырбастау жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Әйелдің айтқанына сеніп, зейнеткер оған 4 млн теңге берген. Зейнеткер алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінгеннен кейін бірден полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері күдікті Алматы қаласының тұрғынын жеке басын жедел анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.
Тергеу барысында әйел өзінің кінәсін мойындады.
Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді. Полиция қызметкерлері кез келген жағдайда сақ болуға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript