Шарын каньоны арқылы өтетін шыны көпір: жоба қай кезеңде

Шарын каньоны арқылы өтетін шыны көпір: жоба қай кезеңде, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 17:00 Сурет: pexels
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шарын каньонына салынатын шыны көпір туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Сұлтанғазиев 2024 жылғы 13 желтоқсанда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мұндай жобалар өңірге туристерді қосымша тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Жобаға қазақстандық компания басшылық етеді. Бізге презентация өткізді, мердігерлер тәжірбиелі шетелдік компаниялар болады",- деді Марат Сұлтанғазиев.

Ол шетелдік компаниялардың қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан сауатты екенін түсіндірді. Мемлекеттік органдар құрылысқа рұқсат беру бойынша жұмыс жүргізуде және жалпы өңір бұл жобаға мүдделі.

"Бұл туристерге арналған шыны көпір. Шетелде мұндай көпірлер жақсы дамыған. Сапалы туристерді тарту үшін бүгінде табиғаттың өзі аз, қызмет пен инфрақұрылым қажет. Фотоаймақтар қажет, өйткені барлығы әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланады", — деді әкім.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, шыны көпір жобасында туристерді қорқыту үшін еденде пайда болатын арнайы әсерлер, жарықтар жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: