Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кетті
Сурет: Zakon.kz
Екібастұз полициясына зейнеткер әйел хабарласып, банктегі шотынан белгісіз біреу 13 млн теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар қабылдады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында зейнеткердің биылғы 28 қараша - 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімшесінде емделгені анықталды. Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған. Полицейлер әлгі палатада зейнеткердің банктік мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, шотынан ақша ұрлаған жас әйелді анықтады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті кінәсін мойындаған.
Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript