Қырғызстанда жаңа министрлер кабинетінің басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kg
2024 жылғы 18 желтоқсанда Қырғызстанда Министрлер кабинетінің жаңа төрағасы ретінде Әділбек Қасымалиев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлыққа Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қол қойды.
24.kg дерегінше, бұған дейін Жогорку Кенеш Министрлер Кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиевті, оның бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевті және экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдықовты тағайындауға келісім берген болатын.
Бұған дейін Қасымалиев 16 желтоқсанда Министрлер Кабинетінің төрағасы қызметінен кеткен Ақылбек Жапаровтың бірінші орынбасары болған.
Айта кетейік, 2024 жылғы 3 желтоқсанда Бішкекте барлық төрт аудандық басқарманың салық қызметкерлері жаппай тұтқындалды.
Бұған дейін Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript