Таразда алты анаға "Алтын алқа", 29 анаға "Күміс алқа" тапсырылды

Алтын алқа, көпбалалы ана, Тараз, Бақытжан Орынбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 17:41 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 18 желтоқсанда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлеріне алқаларды табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Басқосуда шаһар басшысы алтын құрсақты аналарға ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өздеріңіз білесіздер, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде жиырма миллионнан асып, үлкен демографиялық көрсеткішке қол жеткізіп келеміз. Көне шаһар – Тараз қаласының тұрғындарының да саны артып, бүгінгі күні 430 мыңға жетті. Сонымен қатар, елімізде ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел азаматының орны биік екенін айғақтайды. Елімізде де көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір айқын көрінісі", – деген Бақытжан Әмірбекұлы алты анаға "Алтын алқа", 29 анаға "Күміс алқа" тапсырды.

Көпбалалы аналар, Тараз, Бақытжан Орынбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 17:41

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Марапат иелері де өз кезегінде қала басшылығына шынайы ризашылықтарын жеткізіп, ізгі тілектер білдірді.

Көпбалалы аналар, Тараз, Бақытжан Орынбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 17:41

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 аналарға "Алтын алқа", 2 516 анаға "Күміс алқа" табысталған.

Көпбалалы ана, Тараз, Бақытжан Орынбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 17:41

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алтын алқа" – көпбалалы аналарға берілетін марапат, 7 не одан да көп баласы бар аналарға беріледі.

1993 жылы Қазақстан Республиканың Президентінің жарлығымен бекітілді. 1995 жылы заңмен бекітілді. 2010 жылдан 7 не одан да көп баласы бар аналарға беріледі.

"Алтын алқа" жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.

"Алтын алқа" белгісіне марапаттау осы ананың жетінші баласы бір жасқа толған және басқа балалары тірі болған жағдайда ұсынылады.

Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде немесе өзге де қызметтік міндеттерді атқару үстінде қаза болған балалары ескеріледі. Жібек бауға тағылған алқада алақанда аяланған сәбидің бейнесі және күн шапағы бейнеленіп, айшықты өрнекпен көмкерілген.

Ал "Kүмic алқа" — көп балалы аналарға арналған сыйақы. Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енген жарлығымен бекітілген. Алқамен 6 балалы аналарды, бірақ алтыншы баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте марапатталады. Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде қылмысқа қарсы күресте немесе өзге қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза болған немесе хабарсыз кеткен балалар ескеріледі. Дөңгелек пішінді алқаның жиектері өрнекпен көмкеріліп, ортасында алақанда аяланған сәби бейнесі және шуақты күн бейнесі бедерленген.

Онымен сегіз және тоғыз бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: