Қазақстанның бірнеше облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы жанданды
Сурет: pexels
2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 06:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:
Ақтөбе облысы:
- Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
- "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы — РФ шекарасы);
- "Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
- Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ.-Қарауылгелді а.).
Батыс Қазақстан облысы:
- Самара-Шымкент автожолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі (Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қ.).
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың шақырым жол жөнделген.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript