Полицейлер эпилепсиямен ауыратын әйелге алғашқы көмек көрсетті

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 22:53 Сурет: polisia.kz
Оралда полицейлер есінен танып қалған әйел адамға алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 желтоқсанда Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері Рүстем Мұхамбетьяров және Санжар Әбдірахманов облыс орталығындағы мектептердің бірінде құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізу кезінде терезеден бір әйел адамның көшеде құлағанын байқады. Оның жанында оған көмектесуге тырысқан кәмелетке толмаған қызы болған.

Полицейлер дереу көшеге жүгіріп шығып, жеткен кезде оның ес-түссіз жатқанын көреді, тез арада шешім қабылдап ауа-райының суық болуына байланысты, оны ақырын көтеріп, мектеп ғимаратының ішіне алып келеді. Онда қызметкерлер алғашқы көмек көрсете бастайды. Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жинап, өзіне келді.

Полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырады. Мән-жайларды анықтау барысында қыздың эпилепсиямен ауыратындығы анықталды. Жедел жәрдем келгеннен кейін қызметкерлер зардап шеккен адамды дәрігерлерге тапсырды. Дәрігерлер полицейлерге уақтылы көрсеткен алғашқы көмегі үшін алғысын білдіріп, ал әйел адамның өзі полиция қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: