Тарихи зор шешім: Таразда екі аудан жаңадан құрылатын болды
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIV сессиясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуелі жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Тараз қаласында екі ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы қала әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Бекежанов кеңінен баяндады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" ҚР Заңының 2-бабының 5-тармағына сәйкес, республикалық, облыстық маңызы бар қалада және Астанада халық саны 400 мыңнан асқан кезде аудандар құрылады. Бұл ретте қаладағы аудан халқының саны кемінде 200 мың адамды құрауы тиіс. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Тараз қаласында 431 мыңға жуық адам тұрады", – деген Нұржан Балтабайұлы шаһар аумағына 14 елдімекеннің қосылуы нәтижесінде тараздықтардың саны 477 мыңға жуықтайтынын жеткізді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Келесі кезекте қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесіне тоқталды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Оның айтуынша шаһар тұрғындарының пікірін ескере отырып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес, қалада жаңадан құрылатын екі ауданды "Әулиеата" және "Жібек жолы" деп атау жоспарланып отыр.
Жиында күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript