Семейде жиһаз цехы жанып кетті
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 23 желтоқсан Водников көшесі бойындағы екі қабатты жиһаз цехында орын алған.
"Бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып от екінші қабаттың төбесіне ауысты",- делінген құтқарушылар мәліметінде.
ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 ш.м. өртті сөндірді.
"Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда".ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалімнің зардап шеккені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript