Алматылық Арбат Лондонның әйгілі Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
"Жаңа жылыңызбен", "Бақытты бол", "Жұлдызың жансын" деген жарқыраған жазулар тілектер ерекше назар аудартады.
Бұл жүрекжарды лебіздер мұнда келген әрбір адамға арналғандай, мейірім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары ерекше безендіруді жоғары бағалады.
"Балалармен бірге біз де өте қуаныштымыз! Қаншама әдемі сурет түсіріп үлгердік. Өзім де бала сияқты осы әшекейлерге қуанамын. Шынымды айтсам, қала әрқайсымызды құшақ жая қарсы алуға дайындалып жатқандай көрінеді. Мұнда керемет әдемі әрі бәрі жарқырап тұр", — деді алматылық Алуа Жомарт.
Жібек жолы көшесінде де жарықтандырылған аққала мүсіндері, жарқыраған жұлдыздар және сәулелі бұғылар орнатылған. Олар балалар мен ересектердің жүздеріне қуаныш пен күлкі сыйлайды. Мерекелік безендіруді сәндік аюлар мен басқа да элементтер толықтырып, Арбаттағы серуенді ерекше жайлы етеді. Ең әсерлі қондырғының бірі – "2025" сандары бар алып жарқыраған шар.
Арбаттың орталық шыршасы түрлі-түсті шарлармен, жарқыраған шамдармен және жұлдыздармен безендірілген. Оның етегінде орналасқан алып сыйлық қораптары кеңістікке ертегідей ерекше атмосфера береді.