Депутат автожолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарауды ұсынды

Восточная объездная дорога, машины, дорожное движение, транспорт, правила дорожного движения , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 14:57 Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов 2024 жылғы 23 желтоқсанда Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында елімізде автожолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі қанағаттанарлық жағдайда — 87%-ды құрайды.

"Оның 31 мың шақырымы немесе жергілікті жолдардың 44%-да асфальт-бетон жабыны бар. Қалған 39 мың км немесе жергілікті жолдардың 56%-на қиыршық тас және топырақ жамылғысы төселген ", — деді Сабильянов.

Осыған байланысты ол қиыршық тастан және топырақтан жасалған жолдарды қанағаттанарлық жағдайда тұрған жолдарға жатқызбау бөлігінде автожолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау қажет деп санайды.

"Сонда біз жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйінің нақты бейнесін аламыз", - деп түйіндеді ол. 

Бұған дейін Қарабаевтың Қазақстандағы әуежайларды жаңғырту қажеттігі туралы мәлімдегені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: