Астанада тергеуші әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Желіде 24 желтоқсанда 26 жастағы тергеуші әйелдің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналист Михаил Козачковтің жазуынша, ол жігітімен айырылысқан соң өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін.
Бұл туралы Zakon.kz сайтына полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
"Мәйітті табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам тоғызыншы қабаттан құлаған. Егжей-тегжейлер анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған едік. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, орын алған қайғылы оқиға әскери тұлғаның қызметімен байланысты емес.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript