Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, расчёт, аудит, аудитор, юридическая проверка, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, квитанция, квитанции, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 11:38 Фото: pexels
Алматы Мәслихатының VIII шақырылымының XXVI кезектен тыс сессиясында депутаттар көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифті бекітті.

Сессия барысында 14 жылдан астам уақыт қаралмаған тарифтік саясатты жаңарту мәселесі талқыланды.

Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған бір жылдық ең төменгі тариф Алматыда алғаш рет 2010 жылы әкімдік қаулысымен бекітіліп, 1 шаршы метр үшін 25 теңге болған. Оның қолданылу мерзімі 1 жылмен шектелген болатын. Алайда содан бері құрылыс материалдарының қымбаттауы, қызметкерлердің жалақысының өсуі және тұрғын үй қызметінің сапасына қойылатын талаптардың артуы сынды экономикалық жағдай айтарлықтай өзгерді.

Сессия барысында Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов биыл жұмыс тобы кондоминиум нысанын басқару және ортақ мүлікті күтіп-ұстау тарифін есептеу үшін арнайы әдістемеге сәйкес есептеулер жүргізгенін атап өтті.

Тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифтің ұлғаюына байланысты әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәслихат шешімінің жобасын әзірледі. Қазір мақұлдау кезеңінде тұрған бұл жоба әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғын үй иелеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға арналған шығындарды есептеу әдістемесіне енгізілген міндетті қызметтер тізіміне басқару қызметі (үлесі 30%-дан аспайды) және қызмет көрсету қызметі (үлесі кемінде 70%) кіреді.

Жаңа ең төменгі тарифтерді қабылдау мен қосымша әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және көппәтерлі үйлерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Тұрғын үйді басқару мен күтіп-ұстаудың заманауи стандарттарын енгізу қажетті жұмыстарды уақытылы жүргізуге, үйлердің санитарлық және техникалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ қаржының тиімді әрі ашық пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: