Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын білді

Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын білді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 21:12 Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Қанат Бозымбаев Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағынан зардап шеккен жолаушыларға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің орынбасары басшылық ететін Үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына барды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың мәліметінше, ұшақ апаты болған жерде 22 жедел жәрдем бригадасы және 6 АМО (Апаттар медицина орталығы) бригадасы жұмыс істеді.

"Облыстық көпсалалы ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық, сондай-ақ 10 реанимациялық төсек-орын дайындалды. Жалпы, ауруханаларға 29 зардап шеккен адам жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына 27 адам түсті. Олардың 13-і Әзербайжан азаматтары, 9-ы Ресей, 3-еуі Қырғызстан азаматтары. Үш адамның жеке басы анықталып жатыр. Облыстық балалар ауруханасында екі кәмелетке толмаған бала жатыр. Барлық науқастар толық көлемде медициналық көмек алуда", - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Қанат Бозымбаев жауапты тұлғаларға сапалы емдеу мен тиісті күтімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Ақтауға елдің жетекші ғылыми медициналық орталықтарынан реаниматологтар, травматологтар, хирургтер, комбустиологтар және басқа да жоғары білікті мамандар тобы келгенін хабарлады.

Одан кейін Қанат Бозымбаев Әзербайжаннан келген үкіметтік делегациямен кездесті. Вице-премьер Төтенше жағдайлар министрі Камаледдин Гейдаровпен және цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәби оғлы Нәбиовпен келіссөздер жүргізді. Әзербайжан үкіметтік делегациясының өкілдері көрсетілген көмек үшін Қазақстан халқына алғыс білдірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: