Қазақстанда онкологиялық скринингтен 2,5 млн адам өтті
Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, скрининг жүргізу кезеңінде мынадай нәтижелер анықталды:
- 218,8 мың адамда обырға дейінгі аурулар анықталды.
- 2,1 мыңнан астам адамға қатерлі ісік диагнозы қойылды.
Обырдың жекелеген түрлері бойынша скринингке ерекше назар аударылады:
- сүт безі обыры40-70 жастағы әйелдерді зерттеп-қарау шеңберінде 830 мыңнан астам әйел қамтылды.
- 158 мың жағдайда обырға дейінгі аурулар анықталды.
- оның ішінде 1,5 мың әйелде сүт безі обыры диагнозы расталды.
Жатыр мойны обыры: 700 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды. 53 мың жағдайда обырға дейінгі аурулар анықталды, оның 359-ында жатыр мойны обыры расталды.
Колоректалдық обыр: скрининг 50-70 жас аралығындағы 900 мыңнан астам ерлер мен әйелдерді қамтыды. Обырға дейінгі 7826 жағдай анықталды, оның 356-сында обыр анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 2025 жылдан бастап барлық онкоскринингтер ТМККК пакетінде қолжетімді болады. Сондай ақ 2025 жылдан бастап сақтандырылушылар үшін алғаш рет мыналар енгізілетін болады:
- ми қан айналымының жедел бұзылуын ерте диагностикалау және профилактикалау үшін брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі;- жүрек тамырларының зақымдануын ерте диагностикалауға және миокард инфарктісін профилактикалауға арналған амбулаториялық коронарография.
Тұрақты скринингтік зерттеп-қараулар онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндігін айтарлықтай арттырады, бұл емдеуді ерте кезеңдерде бастауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сәтті қалпына келтіру мүмкіндігін арттырады және асқыну қаупін азайтады.