Маңғыстаулықтар Әзірбайжан азаматтарын еліне шығарып салды
Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.
"Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты", делінген хабарламада.
Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Embraer-190 ұшағының "қара жәшігі" Ақтауға сарапшылар келгеннен кейін бір-ақ ашылатынын жазғанбыз.
Сондай-ақ ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Көлік министрлігі ұшақ апатының хронологиясын жариялады.