ДСМ ұшақ апатынан зардап шегіп, ауруханада жатқан алты адам туралы: Жағдайлары тұрақтанды

Дәрігерлер, Ақтау, ұшақ апаты, аурухана, зардап шегуші, ДСМ, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 15:47 Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам емделуде, оның төртеуі жансақтау бөлімінде, тағы екеуі травматология бөлімінде жатыр. Қазір оларды өз елдеріне тасымалдау мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 28 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апаты кезінде зардап шегіп, әлі Ақтаудағы ауруханада жатқан алты шетел азаматының жағдайына қатысты толыққанды мәлімет ұсынды.

"Хал-күйлерінің нашарлауы байқалмайды, бір науқас қосылған арнайы құрылғыдан шығарылады және бір зардап шеккен адамның тониктерінің дозасы 3-тен 1-ге дейін төмендетілді. Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау органдарымен үш зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша мәселелер пысықталуда. Олардың екеуінің жағдайы тасымалдауға келеді, біреуінің жағдайда ауыр, ӨЖЖ аппаратында жатыр". ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Дәрігерлер, Ақтау, ұшақ апаты, ДСМ, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 15:47

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ Әзербайжан Республикасының екі науқасын эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлермен консилиум өткізу, олардың тасымалдау жағдайындағы жай-күйіне баға беру жоспарланып отырғаны да нақтыланады. 

Құзырлы ведомство оқиға болған күні өздерінің қалай әрекет еткендерін кезекті рет тізбелеп берді:

  • Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келіп түсті, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.
  • Апаттан кейін 10 минуттың ішінде зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсету үшін Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы оқиға орнында болды.
  • Зардап шеккендерді Ақтау қаласының стационарларына уақтылы емдеуге жатқызу, білікті іріктеу және алғашқы сын сағаттарда толық емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арқасында 29 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
  • Сондай-ақ, қарапайым адамдар, әртүрлі өңірлерден келген отандастарымыз бей-жай қарамай, қиындыққа бірден жауап берді. Екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600 – ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда-40, ШҚО-34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ.
Дәрігер, Ақтау, ұшақ апаты, ДСМ, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 15:47

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі біздің медицина қызметкерлеріне көмектескен, қайғылы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: