Қазақстанда Жаңа жыл түні жедел жәрдем қызметіне 27 мың қоңырау келіп түскен
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1-ші, 3-ші санатына тиесілі, 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам рет шақыртуға шықты.
"Ең көп шақыртулар Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматыда – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күнінде жедел жәрдем 1942 шақыртуға шықты". ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2024 жылдың 11 айында Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7, 7 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті. Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.