43 миллион теңге алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Сербияда ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 12:50 Фото: pxhere
Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті қазақстандық Сербиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін ҚР ІІМ Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Сербия Республикасынан экстрадициялады.

Күдікті 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңдегі аралықта "Kolesa.kz" сайтында арнайы техниканы сату туралы жалған хабарландыру орналастыру арқылы, 4 азаматтың ақшасын ұрлап, оларға 205 000 доллар шығын келтірді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетті, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

2023 жылы ол Сербия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының өтініші бойынша елімізге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: