Жетісуда полиция жолда қалған Беларусь азаматына көмектесті

Жетісуда полиция жолда қалған Беларусь азаматына көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 21:55 Сурет: polisia.kz
Жетісу полицейлері мен жол қызметкерлері шетел азаматына қарлы боранда қол ұшын созды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарлы боранда жолда қалып қойған Беларусь азаматы Жетісу облысының полицейлері мен "КАЖсервис" ЖШС ДЭУ-35 қызметкерлерінің жедел көмегінің арқасында аман қалды.

Оқиға Үшарал – Достық тасжолында болған. Қатты боран мен көріну деңгейінің төмендігі салдарынан ер адам жолдың ортасында көлігімен тұрып қалған. Қар басқан жолда қозғалу мүмкін болмағандықтан, жүргізушінің өмірі мен қауіпсіздігі қатерге төнді.

Шетелдік азаматтың қиын жағдайға тап болғаны туралы ақпарат алған полиция мен жол қызметкерлері бірден көмекке аттанып, көлікті қар құрсауынан шығарып, оны жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.

Көрсетілген қолдау мен қамқорлыққа ризашылығын білдірген Беларусь азаматы Жетісу облысының полицейлері мен жол қызметкерлеріне шынайы алғысын айтты.

Өз кезегінде Жетісу полициясы барлық жүргізушілерге ауа райы жағдайын қатаң ескеріп, боран кезінде алыс сапарлардан бас тартуды ескертеді. Сондай-ақ, ұзақ және қауіпті жолға шығар алдында алдын ала дайындалып, жақындарына бағыттары туралы хабарлап қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: