Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 14 қаңтарда Алакөл ауданында Үшарал-Достық тасжолында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікті тауып, ішінде отырған жүргізушіні Достық станциясына жеткізді.
Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript