Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметінен кетті
Сурет: Facebook/Дәурен Абаев
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті лауазымындағы жылдар бойы қажырлы, ең бастысы жемісті қызметі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Facebook желісіндегі парақшасында бүгін, 27 қыркүйекте Ақан Сатаев аты аңызға айналған киностудия – "Қазақфильм" АҚ-ның басшысы қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.
Оның ары қарайғы шығармашылық жолы да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалармен жалғасатынына сенімдімін.Дәурен Абаев
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript